Қазақстан • 01 Желтоқсан, 2018

Бүгін - ҚР Тұңғыш Президенті күні

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін қазақстандықтар ҚР Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесін тойлап жатыр. 

Бүгін - ҚР Тұңғыш Президенті күні

Жаңа мерекені құру туралы ұсынысты ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау қарсаңында депутаттар тобы жасады. Осыдан кейін 2011 жылы 10 желтоқсанда ҚР парламенті 1 желтоқсанда жаңа мемлекеттік мерекені атап өтуді ескеретін «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазастан Республикасының заңына толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады. Ал 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы заңға қол қойды.

Айта кетейік, 1991 жылдың 1 желтоқсанында елімізде тұңғыш рет жалпыхалықтық президенттік сайлау өтті. Бұл сайлауда сайлаушылардың 98,78% дауысын жинаған Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті.

Еліміз Тұңғыш Президент күнін алғаш рет 2012 жылы атап өтті. Жыл сайын мереке аясында елімізде әртүрлі іс-шаралар, көрмелер, форумдар және акциялар ұйымдастырылады.